20 қазанда Лисаков қаласында Қазақстан Республикасының күні мерекесі аясында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған «Бір ел – бір тағдыр» атты іс-шара өтті.
Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі келушілерге Қазақстан халықтарының мәдени мұрасымен, ұлттық дәстүрлерімен және өзіндік ерекшеліктерімен таныстыратын этнографиялық көрмені ұсынды.
Көрме тарихпен танысуға, түрлі этностардың мәдени ерекшеліктері туралы көбірек білуге және еліміздің мәдениеті қаншалықты бай әрі сан алуан екенін көруге мүмкіндік берді.












