«Менің елім — менің мақтанышым!»

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Менің елім – менің мақтанышым!» атты музейлік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихына, мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің жетістіктері мен ұлттық құндылықтарына арналған танымдық дәріс өткізілді. Оқушылар тақырыптық викторинаға қатысып, туған жерлері Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін тексерді.

Іс-шара соңында оқушыларға туған жеріміздің сұлулығын, байлығы мен бірегейлігін тағы бір мәрте айқындай түскен тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache