Лисаковтың 55 жылдығына арналған кітап
7 тамызда Лисаков музейінде Лисаков қаласының 55 жылдығына арналған өлкетанулық басылымның тұсаукесері өтті.
Жинаққа енген мақалалар, естеліктер мен очерктерді мерейтойлық датаға орай Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейінің ұжымы дайындады. Кітапта музей қорларынан және қала тұрғындарының жеке мұрағаттарынан алынған бірегей фотосуреттер де жарияланған.
Тұсаукесерге мақалалардың авторлары, жарияланым кейіпкерлері, Қостанай, Астана, Челябі қалаларынан келген қонақтар және Лисаков тарихына қызығушылық танытатын қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында жинақ құрастырушысы, музей басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ю.П. Буданова қатысушыларды кітаптың мазмұнымен қысқаша таныстырды. Лисаковтың тарихи шежіресіндегі оқиғалар кітап беттерінде қайта жаңғырды.
Кітапта жарияланған мақалалардың авторлары қатарында Лисаков қаласының Құрметті азаматтары – А.П. Рау, Л.Г. Лескова, Э.Р. Усманова, Германиядан келген өлкетанушы-зерттеуші А.А. Шефер, Лисаков музейінің қызметкерлері, қала ардагерлері мен журналистер бар.
Лисаковтықтарды мерейтойымен құттықтау үшін Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының профессорлары С.В. Самаркин мен А.В. Видершпан арнайы келді.
Кітаптың жалпы таралымы 100 дананы құрады. Оның 40 данасы Лисаков қаласының Құрметті азаматы А.П. Рау тарапынан қала тұрғындарына сыйға тартылды.
Кітаппен оқырмандар Лисаков кітапханасында, Лисаков техникалық колледжінің кітапханасында, сондай-ақ Лисаков музейінің сайтында таныса алады.













