25 шілде, сенбі күні, дәстүр бойынша Лисаков музейінде музейлік дебат алаңында кезекті кездесу өтті. Бұл жолғы пікірсайыс Лисаков қаласының 55 жылдығына арналды.
Қаланың құрылыс тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – оның бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы болып жариялануы еді. Қала тарихы залында осы тақырыпқа арналған қысқаша ақпараттық слайд көрсетілгеннен кейін қатысушылар: «Бұл палата Лисаков қаласының құрылысын комсомол-жастар құрылысы деп жариялау қаланың дамуына оң әсерін тигізді деп есептейді» деген қарар бойынша пікірсайыс өткізіп, өздерінің шешендік шеберліктерін шыңдады.
Дебат барысында өткен мен бүгіннің арасында қызықты сабақтастық байқалды. Қатысушылардың пікірінше, қазіргі қоғамда жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына, бастамаларын танытуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына кең мүмкіндіктер жасалуы тиіс.









