2026 жылдың 13 наурызында Абай атындағы мектепте 4 сынып оқушылары үшін «Дәстүр» музей клубының сабағы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы – «Қазақ халқының зергерлік бұйымдары». Сабақты Лисаков музейінің әдіскері А.А. Салпенова жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының зергерлік бұйымдарының түрлерімен танысып, олардың қалай жасалатыны туралы білім алды. Бұл тақырыпты түсіндіру үшін презентация мен видеоролик қолданылды. Оқушылар Лисаков музейінде сақталған зергерлік бұйымдармен танысты. Музейдегі таңғажайып экспонаттардың бірі – ХХ ғасырда жасалған құдағи жүзік, тұмарша,қапсырма және сырға болды.
Сабақ соңында ойын өткізіліп, оқушылармен зергерлік бұйымдардың неден және қалай жасалатыны туралы пікір алмасылды.










