23 ақпанда Лисаков музейінің қызметкерлері үшін 2026 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне, сондай-ақ республикалық референдум өткізу тәртібіне арналған түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Кездесу барысында ұсынылып отырған түзетулердің негізгі ережелері, олардың мемлекетті дамытудағы маңызы, сондай-ақ референдумға қатысу кезіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Сондай-ақ мекеме қызметкерлері үшін құқықтық ағарту бойынша дәріс өткізілді. Кездесудің тақырыбы Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының ережелерін түсіндіру, сондай-ақ музейлердің құқықтық мәртебесін және музей қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін талқылау болды. Дәріс барысында Қазақстан Республикасындағы мәдениет ұйымдарының қызметін реттейтін заңнаманың негізгі нормалары жан-жақты қарастырылды. Музейлердің мәдениет мекемелері ретіндегі қызметі, олардың міндеттері мен жауапкершілігі, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.







