Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде музей қорында сақталған қола дәуіріне жататын коллекцияны трасологиялық әдіс арқылы ғылыми зерттеу жұмыстары жалғасуда. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Лисаков қаласы басшылығының, музей әкімшілігінің және археологиялық экспедиция жетекшісі, Лисаков қаласының Құрметті азаматы Эмма Радиковна Усманованың шақыруымен музейге «Универсалды технологиялар мен әзірлемелер» ғылыми-өндірістік орталығының (Ресей, Самара қаласы) аға ғылыми қызметкері Дмитрий Валерьевич Семин келді. Зерттеу нәтижелері музейдің ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігіне айналып, өңірдің көне тарихын зерттеуге өз үлесін қосатын болады.








