«Мирас» музей клубының қаңтар айындағы сабағы «Біз әр түрліміз — біз біргеміз»

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Қаңтар айында «Мирас» музей клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» Республикалық білім беру жобасы аясында ұйымдастырылған «Біз әр түрліміз – біз біргеміз» атты интерактивті сабақ өткізілді.

Сабақ музей коллекциясының заттары арқылы Қазақстан халықтарымен танысуға арналды

Қатысушылар интерактивті музей  коллекциясынан алынған экспонаттармен таныстырылды: қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары, кәдесый домбырасы, хохлома суреті бар ағаш қасық және шағын самовар.

Әрбір зат әртүрлі этникалық топтардың мәдениетің, дәстүрлерін және күнделікті өмірінің ерекшеліктерін ашуға көмектесті.

Сабақтың интерактивті бөлігі шығармашылық жұмысты — әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерінде қағаз қуыршақтар жасауды қамтыды.

Бұл формат мәдени әртүрлілікке қызығушылықты дамытуға, достық пен өзара құрметті нығайтуға ықпал етті.

Scroll to Top