Қазақ халқының ағаш ыдыс – аяқтары

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

2025 жылдың 27 қарашада  Абай атындағы мектептің 4 сынып оқушылары үшін  «Дәстүр» музей клубының сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «Қазақ халқының ағаш ыдыс аяқтары». Сабақ барысында оқушылар ағаштан жасалған ыдыс-аяқ туралы, шеберлер оны қалай жасағаны, ағаш ыдыстарды не үшін қолданғаны туралы білді. Оқушылар Лисаков музейнде  сақталған ағаш ыдыстармен танысты. Таңғажайып экспонаттардың бірі — ХХ ғасырдың басында қолдан жасалған ағаш «ожау». Ожаудың сопақша  пішіні бар, аққудың басы мен мойны тәрізді көтерілген тұтқасы бар.Сабақты клуб жетекшісі, музей әдіскері А.А. Салпенова өткізді. Сонында оқушылар сұрақтарға жауап берді және пазл құрастырды.

 

Scroll to Top