21 қарашада Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде жаңа көрменің ашылуы өтті. «Қызыл жарықтағы ақ-қара ғажайып» атты көрмені Жиляева Н.Е. дайындап, өткізді. Ол өткен ғасырда ақ-қара фотосуреттердің қалай жасалғаны туралы әңгімелеп берді. Қонақтар XX ғасырдағы түрлі фотоаппараттармен, фотопленканың, фотоқағаздың, фотоүлкейткіштің жұмыс істеу ерекшеліктерімен, сондай-ақ мыңдаған әуесқой фотографтардың алғашқы қадамдарын бастаған шкалалық камералар мен қарапайым «Смена» аппараттарының рөлімен танысты.
Көрмеде бір кездері фотосурет нағыз құпияға толы процесс болғаны еске алынды: пленка толық қараңғылықта салынып, қолмен өңделіп, қызыл шамның астында басылып, ақ қағаздың бетінде бейненің баяу пайда болып, тірілгендей көрінген сәттері қайта жаңғырды.
Ерекше сәттердің бірі — С.Н. Мурдасовтың көрсетілімі болды. Ол әйгілі ФЭД фотоаппаратының жұмысын көрсетіп, пленканы қалай салу керегін, түсірілім тетігін босату тәсілін, сондай-ақ 50–60 жылдардағы фотосүйер қауым қолданған механикалық таймердің жұмысын таныстырды.
Көрме келушілерге пленкалық фотосуреттің қандай қызықты, еңбекті қажет ететін әрі шынайы сиқырлы процесс болғанын — жарық пен адамның қолымен жасалған сол бір ақ-қара ғажайыпты сезінуге мүмкіндік берді.
Көрме 2026 жылдың наурызының басына дейін жұмыс істейді. Сіздерді музейге шақырамыз!













