Мектептегі жылжымалы музей көрмесі

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Лисаков қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектепте Ұлы ақынның 180 жылдығына орайластырылған «Абай Күнанбаев – халық мақтанышы» атты жылжымалы көрме орнатылды. Ақпараттық баннерлерде Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен білім беруіне қосқан үлесі туралы материалдар ұсынылған. Семейдегі Абай музей туралы ақпаратпен QR-код орналастырылған. Көрме Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі қызметкерлерімен дайындалған.

Scroll to Top