2025 жылғы 13 қазанда Лисаков қаласының мектеп-гимназиясында Лисаков музейінің қызметкері Батпанаев М.А. Ұлы Отан соғысына қатысушы, жерлесіміз, 949-шы шабуылдаушы авиациялық полкінің атқыш-радиошысы Каримжан Ишанұлы Канафиннің 100 жылдығына арналған «Әуе атқышы Каримжан Канафин» атты музейлік сабақ өткізді. 7-сынып оқушылары жауынгердің ерлік жолы, оның «Багратион» операциясына, Кёнигсберг үшін шайқастарға қатысуы, майдандас бауырластығы мен әскери антына адалдығы туралы мағлұмат алды. Оқушылар Каримжан Канафиннің туыстары дайындаған бейнероликті тамашалады. Кездесу барысында мектеп оқушылары Ұлы Жеңіске үлес қосқан барша батырлардың рухына тағзым етіп, туған елінің тарихын сақтау мен оның қаһармандарын естен шығармаудың маңызын ұғынды.







