2025 жылғы 10 қазанда Лисаков қалалық музейінің қызметкерлері Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» атты аймақтық конференцияға қатысты. Конференцияны Лисаковтың орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырды.
Конференция қатысушыларына музей дайындаған Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған жылжымалы көрме ұсынылды. Музейдің ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ю.П. Буданова «Мәңгілік сөздің шебері» атты баяндамасымен шығып, тыңдаушыларды қазақ ойшылына Қазақстанда және шетелде орнатылған ескерткіштермен таныстырды.











