Жоспарлы жұмыс аясында 2 қазан күні Лисаков музейінде қор комиссиясы өткізілді. Комиссия барысында қызметкерлер И. Латохиннің геологиялық коллекциясына тиесілі бірегей жәдігерлердің қабылдануын талқылады.
Атрибуцияны арнайы шақырылған маман — А. Л. Шохин (Челябі облысы, Ресей), «Аркаим даласы» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, бас геолог жүргізді.








