2025 жылғы 28-29 қыркүйекте Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің қорларымен зерттеушілер жұмыс істеді: «Аркаим» музей-қорығының бас геологы және маманы, Челябі мемлекеттік университетінің «Аркаим даласы» ғылыми-білім беру орталығының меңгерушісі, геолог-экскурсовод, Ресей геологиялық қоғамының мүшесі, Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі – А. Л. Шохин (Челябі облысы, Ресей) және Лисаков археологиялық экспедициясының жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері, Лисаков қаласының Құрметті азаматы – Э. Р. Усманова (Қазақстан). А. Л. Шохин Лисаков археологиялық шағын ауданының табылымдарын атрибуциялауға көмек көрсетті. Э. Р. Усманованың қолдауымен А. Л. Шохин музейге минерал үлгілері мен сирек кездесетін заттарды атрибуциялауға кеңестік көмек көрсетті. Жұмыс музей қорларын жариялау, зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу мақсатында жүргізілді.
А. Л. Шохин Лисаков қаласына туризмді дамыту перспективалары туралы әдебиет алып келді, Аркаим-Лисаков бағыты бойынша туристік маршруттарды анықтауға қатысты.










