Жазғы демалыстан кейін, 19 қыркүйек күні Лисаков қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілері үшін «Мирас» музейлік клубының сабақтары қайта жанданды.
Жаңа маусымның алғашқы сабағы мазмұнды да қызықты өтті: қатысушылар марий халқының бай мәдениетімен танысып, олардың аңыздары мен ертегілері арқылы рухани мұраларына үңілді.
Интерактивті бөлімде балалар дәстүрлі марий қуыршағы — Пупашкарды жасап көрді, сондай-ақ марий халқының ұлттық киімдері мен ертегі кейіпкерлерінің суреттерін бояп, шығармашылықпен айналысты.
Сабақ әрі танымдық, әрі шабытқа толы болды!







