Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде Лисаков қала күніне арналған қостанайлық суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Жарықпен жаңғыру» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеде бірегей авторлық техникада – флуоресцентті акрил бояуларын пайдаланып, бейненің екі жақтылығын және ішкі жарық күшін ашатын картиналар ұсынылған.













