ХХ ғасырдың басы
Жапония
Фарфор, қалыптау, кептіру, күйдіру, жылтырлату, қолмен жұмыс, үстінен және астынан жылтырлатылған өрнек,өңдеу, зауыттық өндірісі.
А-21,8 см D1 – 12,0 см D2 – 7,0 см
Тапсырған: Э.Р.Усманова, Қарағанды қ.1999 ж.
Германияның тумасы немістерден сатып алынған.
Тұтқалы”Амфора” вазасы, қою – көк түсті алтын өрнекті. Түбі дөңгелек, сәл ойыс, екі жақтары Г-тәрізді, тік тұтқалары алтын жалатылғандай.
Қою – көк түсті фонға жылтырлатылған кобальт салынған. Вазаның бедерлі үсті бар, резерві айналдыра әшекейленген, өзен жағасында өсімдіктерімен табиғат көрініс салынған.Бір жағында жүзіп жүрген қос аққу суреттелген. Бедерлі табиғат көрінісі, алтын түсті бояуда жасалған. Резерв өңдеу техникасымен орындалған. Мойнының жоғарғы жағы екі жағынан өсімдік суреттерімен әсемделген, шеттері алтын түсті ленталар енгізілген, монының төменгі бөлігі және вазаның негізі алтын жалатылған түспен боялған. Тұрқы алтықырлы ұзартылған түрде айналма бедерлі өрнекте, алтын түспен сәнделген.
Келесі түп жақ бетінде – “Hand Painted NIPPON” көмкерілген өсімдік ою-өрнек пен жазылған «М» әрпі түрінде завод белгісі бар, белгі көк түсті бояуда жасалған. Таңба АҚШ –на экспортқа жөнелтуге арналған заттарда 1911 жылдан бастап пайдаланып келген.
Анықтама: Өңдеудің көмегімен безендірілген – жылтыр маңы қышқылмен өңделген және үсті күгірт тартқан. Өңделген жер алтын сұйықтығымен бөлінген және муфельдік пеш күйдіріледі. Күйдірілгеннен кейін өңделген жерлерінде алтын күңгірт болып шығады. «Hand Painted» – қолмен жасалған көркемсурет.