ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдары
Саз,
қалыптау, кептіру, күйдіру,
кустарное производство.
H – 23,0 см D1 -10,8 см D2 – 9,5 см
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: Г. С. Литвинова, Қарағанды қ., 2000 ж.
Кіреңке сүт құю үшін жасалған ұзынша қыш құмыра. Ыдыстың жалпақ түпті. Түбінен кейінгі бөлігі конус тәрізді кеңейіп, тұрқынан жұмыртқапішінде, мойнына қарай бірқалыпты үлкен цилиндр пішінде ауысады.
Мойны шетіне қарай анық, жеңілдетілген және ернеуіне қарай сүйірленіп аяқталады.
Тарихи анықтама.
Кіреңке – сүтке арналған ұзынша етіп жасалған саз құмыра. Кіреңке тұтқасы мен қақпағы жоқ кең саз құмыраға ұқсас. Кіреңке,әдетте, шар тәрізді пішінде төменге қарай тарылған, көбінесе, жоғарға қарай түзетілген.
Мойын пішіні, оның диаметрі мен биіктігі ұстауға ыңғайлы етіп жасалған. Мұндай ыдыстағы сүт өзінің балғындығын ұзақ сақтап тұрады, ашыған кезде бетінде қалың қаймағы қалқып шығады, қасықпен алуға ыңғайлы. Орыс ауылдарында кіреңкені сүтке пайдаланатын саз тостаған, тегеш, күрішке деп атаған. Ресейде термин барлық жерде таралған.