«Жеңістің 30 жылдығына арналған ескерткіш» атауымен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген (Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы қаулысы). Облыстық ескерткіштер тізімінде салынған уақыты 1975 ж. Ескерткіш 1979 жылы Октябрь ауылында орнатылған деген ақпарат бар.
Негізгі мақсат – Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдарында жанын қиған жерлестердің тарихи жадын сақтау.
Ескерткіш үшбұрышты стела, биіктігі 12 метр.Негіздің үш жағында әскери сипаттағы рельефтік көріністері бар қола тақтада орналасқан. Жауынгерлік жанр стилінде жасалған, негізгі орынды құрлықтағы, теңіздегі шайқастар мен әскери жорықтар көріністері алады.Суретші ұрыстың ерекше маңызды немесе өзіне тән сәтін түсіріп, соғыстың ерлігін көрсетіп, әскери оқиғалардың тарихи мәнін ашты. Ескерткіштің алдында бес сәулелі металл жұлдыз түріндегі «мәңгілік алау» орналасқан.
Ескерткіш орнатылған орталық алаң – Қазан төңкерісі үшін айтулы орын, мұнда адамдар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың рухына тағзым етіп, құрмет көрсетуге келеді.