Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Интернационалист-жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

2019 жылғы 17 қазанда Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 30 жылдығына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрмет пен естелік белгісі ретінде қала орталығында ескерткіш орнатылды. Ол Қ.Сәтбаев атындағы аллеяда орналасқан.

Композиция ескерткіш орнатылған тұғыр-платформадан тұрады. Ескерткіш монолиттен жасалған, гранитпен қапталған, ортасындағы тұғырға сегіз элементтен тұратын ескерткіш орнатылған және жарылысты бейнелейді. Тұғырға қара граниттен жасалған мемориалдық тақта бекітіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде: «Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш 1979-1989 жж. Обелиск памяти воинам-интернационалистам 1979-1989 гг.»

Scroll to Top