2024 жылғы 19-21 шілдеде Лисаков қаласында «Өңірдің мәдени әлеуеті келешектегі даму ресурсы» халықаралық семинары өтті.
19 шілдеде Қырғызстан, Қазақстан және Ресей спикерлері аумақтардың мәдени әлеуетін пайдаланудың, мәдениетаралық өзара әрекеттесудің табысты тәжірибесін таныстырып, Қазақстанның материалдық емес мәдени құндылықтары туралы айтты.
Лисаков қаласы ғылыми әлемге Лисаков қаласының Құрметті азаматы, Лисаков археологиялық экспедициясының жетекшісі және шараның бастамашысы Е.Р.Усманованың қызметі арқасында танымал. Семинардың кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – археологиялық зерттеу нәтижелерін қала мен Қостанай облысының тиімді брендіне айналдыру болды.
Лисаков қаласының әкімі А.С.Ибраев спикерлердің сөз сөйлеуінің модераторы болды. Семинар мұғалімдерге, музей, мұрағат, кітапхана қызметкерлеріне, студенттерге арналған. Барлық қатысушылар (шамамен 100 адам) сертификаттар алды. Семинарға Қостанай облысының мамандарынан бөлек, Қазақстандағы музейлердің (Есік қорық-музейі, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы) өкілдері қатысты. 19 шілдеде түстен кейін семинар Лисаков музейінде жалғасын тауып, «Мир музея» журналының редакторы Л.Н.Плетникова тыңдаушыларды музей тәжірибесіндегі жаңа тенденциялармен таныстырды. Сол күні Новоилинов қорымында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі мен Лисаков музейінің қорынан тарихи киімдер киіп фотосессия өтті. Қола дәуіріндегі рәсімдердің элементтерін археологтар қорымдарды қалпына келтірді және туристердің қарауына қол жетімді болады.
20-21 шілде күндері спикерлер мен қонақтар Жітіқара қаласы,Денисов а. мен Науырзым мемлекеттік табиғи қорығына таныстыру экскурсияларын жасады. Транспорттық туристік ынтымақтастық аясында “Аркаим” мұражай-қорығынада (РФ, Челябі облысы) саяхат жасады.
Семинардың ұйымдастырушылары-Лисаков қаласының әкімдігі, Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі. Ақпараттық қолдауды Алматы (DDA коммуникативтік агенттігі), Қостанай және Лисаков БАҚ қызмет көрсетті.
#Лисаков #музей
#ГидҚазақстанға