Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады.