5 маусымнан бастап Лисаков музейіне мектептің жазғы ойын алаңдарында демалып жатқан балалар келуде. Жас бүлдіршіндер үшін музей қызметкерлері «Балалық шақ – бақыт планетасы» интерактивті тапсырмалардың білім беру бағдарламасын дайындады. Ойын арқылы зерттеуге болатын музей объектілеріне назар аударылады. Музей залдарында балалар алдымен экспонаттарды бейнелейтін басқатырғыштарды жинады, содан кейін бұл заттарды музей экспозия залынан іздеді. «Қазақстан халқының мәдениеті» залында интерактивті қордың нысандарын түрту арқылы зерттеп, суреттеу арқылы объектіні ауызша және сөздерді қолданбай болжауды үйренді. Көрме залында біз «Киім» тақырыбымен өткен ғасырдағы әйелдер киімін қарастыру арқылы ғана емес, жұмбақ шешу арқылы да тереңірек танысты.