2017 жылдың 31 мамыр күні Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында «Туған жер – 2017» өңірлік өлкетану оқулары өтті. Аталмыш шараға мұражай, мұрағат қызметкерлері, Қостанай облысының (Қостанай қ, Лисаков қ, Денисовка, Таран аудандарының) тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Өңірлік зерттеулер перспективаларын талқылауға қатысқандар: Лисаков қаласының құрметті азаматы, РИИ қашықтықтан техникалық білім беру орталығы басшысы Л. Г. Лескова; экономикалық ғылым кандидаты, «Лисаковская новь» газетінің бас редакторы, жазушы В. А. Кошелев; «НұрОтан» партиясының Лисаков қалалық филиалының бірінші орынбасары И. В. Неявко.
Бұл өлкетану оқуларының материалдары «Мәңгілік сәт» өңірлік зерттеу жинағында басылып шығарылып, Қостанай облысының, Лисаков қаласының мұрағат, мұражай, кітапханаларына тапсырылды.