Б.д.дейінгі XV- XVII ғасыр.
Күйдірілген саз, қолмен жасалған.
Өлшемі: 17,0 см×16,0 см.
Сақтаулы: Көлемді зақымданулары жоқ.
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: Э.Р. Усманова, Қарағанды қ. Қарағанды мемлекеттік университетінің Лисаков археологиялық экспедиция тобымен берілген.1994 жылы Лисаков қорымына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылған.
Ыдыс жапсырылған, қыш құмыра тәріздес, жалпақ түпті. Беті тегіс, жылтыратылған. Түсі қоңыр- сарғылт, ат тұяғы іздерімен. Ернеуі тік, ернеуінің жиектері жуандау. Мойны биік, тік, томпайған тұрқына ауысады. Кішкентай түбі тұрқымен салыстырғанда анық бөлініп тұр.
Ыдыс мойны мен тұрқын бөліп тұратын, үшбұрышты және төрт кең бастырылған жолақты, қисық сызықталып, өрнектелген. Тұрқының жоғарғы жағында үшбұрышталып сызылған лентасы бар, бұрыштары төмен ораналасқан. Тұрқының ортасында екісызықты свастиканың тұтас лентасы бар. Төменірек түбіне қарай, тұтас каннелюр. Түбінің шеті ұсақ басылып әдіптелген, шебері төрт секторға бөлінген, әрбірі кезегімен перпендикулялы сызылған. Оюдың орындалу техникасы – ұсақ тісті және тегіс қалыпты.
Федоров типіндегі ыдыс (Андронов мәдени –тарихи қауымдастығы), шамасы жергілікті балшықтан әзірленіп, діни-ғұрыптық мақсатқа қолданылса керек.