1995 жылдың 1 наурызында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2016 жылдан бастап бұл күн Алғыс күні ретінде аталып өтіледі.
Мұражай заттар тілімен әңгімелейді, Лисаков мұражайының қорында көгершіндер бейнеленген неміс үйлену кескіні сақталуда. Әрине, ең алдымен, бұл зат отбасылық бақыт, махаббат пен адалдық туралы баяндайды. Бірақ, тек қана емес…
Бұл картинаны Қостанай облысында әйгілі Мариновка неміс ауылынан келген белгісіз әуесқой суретші біреулергдің үйлену тойына арнап, осы көріністі суреттеп сыйға тартқан.
Өкінішке орай, ауыл жоғалып кетті, бірақ Германияға кетіп қалған соң, оның тұрғындары Қазақстанға алғыс пен өз үйіне деген сүйіспеншілігін сақтап қалды. Жуырда ғана мұражайда тағы бір зат – «Біздің Мариновка» кітабы пайда болды. Кітаптың авторы-Лидия Даниловна Фрай, Германия тұрғыны бола тұрып, ауылдың жүз жылдық тарихын қалпына келтіріп, көптеген фотосуреттер мен құжаттарды жариялады. Екі жыл бойы отбасылық естеліктерді, күнделіктерді жинап, ауыл тұрғындарының сауалдарын жинау бойынша тынымсыз жұмыс жүргізілді. Қорытындысы-кітаптың көлемі 574 бет!
Бүкіл кітап Қостанай даласының ашық кеңістіктері мен Қазақстанда тұратын адамдарға ризашылығымен жинақталған. «Өткеннің бәрі ерекше! Тек естеліктер жаныңды жылытады, махаббаттың жылуы – өшпес!» – Лидия Фрай кітаптың титулдық бетінде Лисаков мұражайының қызметкерлеріне жолдаған үндеуінде осылай деп жазады. «Мен сол туылған жеріме тағзым еткім келеді» – бұл кітаптың эпиграфы.
Жоғарғы Тобылдың Лисаков тарих және мәдениеті мұражайына Л.Д. Фрай ұсынған 2019, 2020, 2021 жылдарға арналған ерекше күнтізбе де тапсырылды. Ең бастысы, барлық фотосуреттердің аты жазылған аннотациясы бар!