24 қазан күні республика күні қарсаңында Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қарабалуан (Жанұзақ) Алдиярұлының 335 жылдығына және Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының 330 жылдығына арналған дәріс өтті. Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің қызметкері О.К.Искакова 8 сынып оқушыларына (мұғалімі - Д.С. Жансүгір) қалмақтарға қарсы соғысқан батырлардың ерлігі туралы мемлекеттік тілде айтып, дайындалған презентация көрсетті. Балалар ағайынды Жанұзақ Қарабалуан мен Шақшақ Жәнібектің Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін білді. Дәрістің мақсаты осы ұлы адамдардың ерліктерін ешқашан ұмытпау және елдің жадында сақтау болды.
https://lisakovsk-museum.gov.kz/novosti-kz/1060-aza-zherini-tarikhi-t-l-alary.html#sigFreeId40d9140de4