Республика күнін мерекелеу қарсаңында 23 қазан күні Лисаков музейінде "Балалар шығармашылығындағы Қазақстан халқының мәдениеті" жобасы аясында көрме ашылды.
Өткен жылы Лисаков балалар көркемсурет мектебінің оқушылары көшпенділер мәдениетін зерттеді, 2023 жылы неміс мәдениетінің дәстүрлерін білу үшін музейге келді. Музейде балалар Қазақстан немістерінің тарихы туралы білді, неміс үйлену дәстүрлерімен танысты. Музейде ғана емес, көркемсурет мектебінің сабақтарында олар музей экспонаттары мен неміс рәсімдерінің сюжеттерін салды. Нәтижесінде көрмеге 45 балалар шығармашылығы қойылды.
Көрменің бірегейлігі балалар салған суреттердің музей заттарымен үйлесім табуда. Келушілер назарына белгілі археолог Е.Р.Усманованың бастамасымен және қатысуымен музей қорынан жиналған неміс этнографиясының 47 заттары ұсынылды. «Қайта өрлеу» Қостанай неміс мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы көрмеге заманауи стильдендірілген дәстүрлі неміс костюмдерін ұсынды. Ашылу барысында «Қайта өрлеу» неміс қоғамының ЛФ жетекшісі Л.Г.Лескова жас суретшілерге Лисаков неміс жастар клубының бейне үндеуін көрсетті, балалар көркемсурет мектебінің мұғалімдеріне сертификаттар мен тәтті сыйлықтарды табыс етті. Лисаков музейінің басшысы Ш.Е.Ермагамбетова көрме қонақтарын Республика күнімен құттықтады.
Балаларды осындай жобаларға тарту қазіргі қоғамда өзекті этносаралық өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
https://lisakovsk-museum.gov.kz/novosti-kz/1058-nemis-d-st-rleri-turaly-zhas-suretshiler-k-rmesi.html#sigFreeId181f99f46e